Қазақстанның Жапониядағы Елшісі тағайындалды
Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды», – делінген хабараламада.
Бұған дейін осы лауазымды атқарған Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Ерлан Баударбек-Қожатаев 1967 жылы 8 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (1989 ж.), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында (1992 ж.), сондай-ақ Жапонияның Кита-Урава қаласындағы Жапон тілі институтында (1994 ж.) білім алған.
Өзінің дипломатиялық қызметін 1992 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастап, Азия және Африка департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 1997-2003 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, одан кейін кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2004-2008 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры болды.
2008 жылы Қазақстанның Сингапурдағы тұңғыш Елшісі болып тағайындалды. 2008-2016 жылдары Қазақстанның Аустралиядағы және Жаңа Зеландиядағы Елшісі қызметін қоса атқарды. 2016 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстанның Жапониядағы Елшісі қызметін атқарды.
Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2021 жылдан бастап Қазақстанның Грекиядағы Елшісі қызметін атқарды.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын және жапон тілдерін меңгерген.