USD
USD
USD

Қазақстанның үш қаласында ауаның сапасы нашарлауы мүмкін

31 мамыр күні Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы қолайлы болады. Дегенмен, кейбір қалаларда ауа сапасының нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жаңбыр
Фото: Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, Ақтөбе қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Қостанай мен Астанада атмосфералық ауаның ластануына қолайсыз метеожағдайлар күтіледі.

Ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі. Мұндай жағдайда зиянды заттар жерге жақын атмосфералық қабатта жиналып, ауаның сапасын төмендетуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ауа сапасының өзгеруіне әсер ететін басты факторлардың бірі – синоптикалық жағдай: желдің күші мен бағыты, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы.

Айта кетейік, бұған дейін 31 мамыр күні Қазақстанның 16 өңірінде және Астанада аптап ыстық пен найзағай күтілетіні хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаев Хаби Алонсомен «Челсидегі» алғашқы жаттығуын бастады

Дастан Сәтпаев

Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы елшісі лауазымынан босатылды

Мәди Атамқұлов

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Қырғызстанға елші болып кетті

Әбілхайыр Сқақов

Қазақстанда «ҚыздарНет» сайтына қатысты алғашқы үкім шықты

.