Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанның түркі мемлекеттерімен жүк тасымалы артады

Мәжіліс түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялады.

Жүк тасымалы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл келісім 2022 жылы 11 қарашада Самарқанд қаласында жасалған. Ол Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан арасындағы көлік-транзит әлеуетін және сауда-экономикалық қатынасты одан әрі дамытуға бағытталған.

Келісімге сәйкес түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында теміржол, су және автомобиль көлігімен жасалатын жүк тасымалы көлемі ұлғайтылады. Тараптар өзара ынтымақтасып, жүк тасымалдауды ілгерілетуде қолдау көрсетеді. Осы мақсатта мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тиісті мәселелерді талқылап, шешуге жауапты Бірлескен комитет құрылады.

Келісім ратификацияланғаннан кейін тараптар транзиттік тасымалдарға қатысты цифрлық технологияларды енгізу және жүктерді «жіксіз» мультимодальды тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдай алады. Электронды тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарына көшу мақсатымен автомобиль тасымалдарында көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі әзірленді. Ол Қазақстан халықаралық жүктерді тасымалдау шарты туралы конвенцияға қосылғаннан кейін электронды халықаралық eCMR-ге көшу құралы болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш