USD
USD
USD

Қазақстанның ТОП-20 туристік аймағы бекітілді

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жуырда туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттер туралы алқа отырысында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басым аумақтардың тізімі 10-нан ТОП-20-ға дейін кеңейтілгенін мәлімдеді.

Туризм
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандағы ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі мынадай: Хан Ордасы (БҚО), Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе обл.), Туристік кешен (Қостанай обл.), Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорттық аймағы (Ақмола обл.), Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (СҚО), Баянауыл (Павлодар обл.), Катон-Қарағай курорттық аймағы (ШҚО), Алакөл курорттық аймағы (Абай обл., Жетісу обл.), Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қ., Алматы обл.), «Көксай resort» (Жамбыл обл.), Балқаш (Қарағанды обл.), Түркістан (Түркістан обл.), Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда обл.), Ұлытау ауылы (Ұлытау обл.), Жылы жағажай (Маңғыстау обл.), Сарайшық қалашығы (Атырау обл.), Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қ.) және Туристік аудан (Астана қ.).

Ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.