USD
USD
USD

Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды

Көлік министрлігінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 3%-ға, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау 18%-ға өсті.

Теңіз порты
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ақтау порты арқылы өткен 27 мыңға жуық контейнерді қоса алғанда «Шығыс-Батыс» транзиттік қатынасындағы контейнер тасымалының көлемі 84%-ға ұлғайған.

Сондай-ақ, биыл Құрық портының «Саржа» терминалы аталған кезеңде Түркия мен Иран бағытында шамамен 55 мың тоннаға жуық жүк (түсті металдар, аммофос, арпа) өңдеді.

Айта кетейік, биыл қазан айында Құрық портында жылына қуаты 1 млн тоннаны құрайтын тағы бір астық терминалы қолданысқа енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Құрық портының базасында толыққанды логистикалық кластер құру жұмысы белсенді жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары