USD
USD
USD

Қазақстанның сыртқы қарызы 182,8 млрд долларға жетті

Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанның сыртқы борышы жыл басынан бері 0,9 млрд долларға ұлғайып, 182,8 млрд долларды құрады.

Сыртқы қарыз
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Банк өкілдерінің түсіндіруінше, сыртқы борыш бағаның және басқа өзгерістердің әсерінен өскен. Бұл ретте өтеу мерзімі бойынша сыртқы қарыздың 87,1%-ы ұзақ мерзімді қарыз екені айтылды.

«Бұл бір жағынан, өтімділік тәуекелдерін азайтады, ал екінші жағынан, жалпы нарықтық талаптар өзгеруінің борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге әсерін күшейтеді», – делінген ресми ақпаратта.

Сыртқы қарыздың 69,2%-ы бейрезиденттерден тартылған қарыздар мен кредиттер болса, 13,0%-ы бейрезиденттердің иелігіндегі борыштық бағалы қағаздар екені мәлім болды.

Еске салсақ, 29 маусымда сенаторлар Халықаралық қайта құру және даму банкінен және  Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен қарыз алуға қатысты құжатты ратификациялаған болатын. Құжатқа сәйкес, Халықаралық қайта құру және даму банкінен 92,3 млрд жапон йені, ал Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 62,3 млрд жапон йені көлемінде қарыз тартылмақ. Теңгемен есептегенде, қарыздың жалпы сомасы 460 млрд теңгеден асады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy