USD
USD
USD

Қазақстанның мемлекеттік қарызы үш айда 1,65 трлн теңгеге өсті

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышы, сондай-ақ мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың жалпы сомасы 40,9 трлн теңге болды. 1 сәуірде аталған қарыз көлемі 39,1 трлн теңге болған еді.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қаржы министрлігінің дерегіне сүйенсек, қарыздың басым бөлігін бұрынғысынша мемлекеттік борыш құрап отыр. Үш ай ішінде оның көлемі 1,65 трлн теңге өсіп, 38,5 трлн теңгеге дейін ұлғайған.

Ең көп өскені – Үкіметтің қарызы. Ол 35,3 трлн теңгеден 36,8 трлн теңгеге дейін артқан. Оның ішінде Үкіметтің ішкі қарызы 1,33 трлн теңгеге өсіп, 28,5 трлн теңгеге жетті. Ал сыртқы қарыз 166,6 млрд теңгеге ұлғайып, 8,35 трлн теңгеге жетті.

Ішкі қарыздың ішінде ең үлкен үлес бұрынғыдай ұзақ мерзімді мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерге тиесілі. Бір тоқсан ішінде олардың көлемі 24,4 трлн теңгеге дейін өсті.

Жергілікті атқарушы органдардың қарызы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2,54 трлн теңге болса, 1 шілдеге қарай 2,77 трлн теңгеге жеткен. Бір тоқсандағы өсім 230 млрд теңгеден асты.

Мемлекет кепілдік берген қарыз да ұлғайып, 2,41 трлн теңге болды. Бұл үш ай бұрынғы көрсеткіштен 188,7 млрд теңгеге немесе 8,5%-ға жоғары.

Ал мемлекет кепілгерліктері бойынша қарыз өзгеріссіз қалып, 6 млрд теңге деңгейінде сақталып отыр.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский