USD
USD
USD

Қазақстанның кейбір мектептерінде бірнеше пән бір пәнге біріктірілуі мүмкін

Жаңа ереже туралы оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов мәлімдеді.

Мектеп оқушылары
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Бір жағынан кейбір пәндерді біріктіріп оқытқысы келетін мектептер бар. Жаңа стандарт ондай бастамаларға рұқсат береді. Яғни, әр мектептің ішкі шешіміне байланысты. Бір мектеп физика, биология, химия сияқты пәндерді дәстүрлі қалпында қалдырғысы келсе, жаңа стандарт ол жағын да қарастырған. Соған сай оқу бағдарламасын береді. Ал басқа бір мектеп кейбір пәндерді біріктіріп оқытқысы келсе, жаңа стандартта біріктіруге болатын пәндердің тізбесі бекітілген. Біріктірілген пәндер қалай аталатыны да стандартта көрсетілген», - деді ол Оқу-ағарту министрлігінің алқа мәжілісінде.

Академия өкілі пәндерді біріктіру міндетті шара болмайтынын, әр мектептің өз таңдауына байланысты екенін баса айтты. Мысалы, дүниежүзі тарихы мен құқық негіздері әлеуметтік ғылымдар ретінде, алгебра мен геометрия математика пәні ретінде біріктірілуі мүмкін.

«Пәндердің мазмұнына келсек, жаңа стандарт оны соншалық өзгерткен жоқ. Негізгі бөлімдердің бәрі сол күйінде қалды. Жалғыз ескеретін дүние, кейбір тапсырмалар жасанды интеллект мүмкіндіктеріне қарай өзгертіледі. Білім берудің мемлекеттік стандарты өзгерсе, оқулықтарда да өзгерістер пайда болатыны заңдылық», - деді Руслан Қаратабанов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек