USD
USD
USD

Қазақстанның кейбір аймағында буллингке ұшыраған оқушылар жасырын түрде көмек сұрай алады

Еліміздің солтүстігінде буллингке ұшыраған оқушылар енді жасырын түрде көмек сұрай алады. Ұл-қыздар күнделік пен кітаптарға жапсырылған QR код арқылы зорлық-зомбылық туралы хабар береді. Бұл туралы “Информбюро”жаңалықтар қызметінде хабарлады.

Б
Фото: acat.kz

Алматы, NEGE. Жаңа тәсіл арқылы мектептегі әлімжеттікті азайтамыз дейді жауаптылар.

Соңғы жылдары жасөспірімдер арасындағы буллинг өзекті тақырыптардың біріне айналды. Оқушыларды қорғау мақсатында талай әдіс енгізілген. Бірақ көбі нәтиже бермеді. Себебі, ұл-қыздардың дені қысым көргендерін ашық айтуға батылы жетпейді. Сол себепті, 5-11 сыныптың барлық оқулықтары мен күнделіктеріне жасырын түрінде көмек сұрай алатын QR код жапсырылды.

"Алдымен QR-кодтар мектептердің қоғамдық орындарында орналасқан. Біз балаларға бұл тәсілдің қолайсыз екенін түсіндік, өйткені кейбір балалар қорқуы мүмкін.Сондықтан облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша QR-кодтар кітаптарға орналастырылды. Бұл құпиялылықты қамтамасыз етеді. Кез келген адам, тіпті үйде жүргенде осы QR-код арқылы буллинг туралы хабарлай алады”, – дейді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Саттар Әбу-Әли.

Оқушылар QR-кодты сканерлеп, арнайы телеграм ботқа өтеді. Кейін оларға психологтар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері көмек көрсетуі тиіс. Ал, хабарлама қалдырған баланың жеке мәліметі қауіпсіздік мақсатында құпия сақталмақ. Бұл жаңашылдыққа ата-аналар қарсы болмапты.

"Кез келген кезде бала осындай кибербуллинг, буллинг жағдайына түссе, көмек ала алады, өз жағдайын түсіндіре алады. Ата-аналар осы акцияны, жобаны қолдады. Себебі, ол балалардың қауіпсіздігіне әсер етеді. Айта кетейік, зорлық-зомбылықпен күресу мақсатында қолға алынған тың тәсіл өңірдің барлық мектептеріне енгізіліп жатыр”, – дейді С.Шәймерденов атындағы классикалық гимназия директорының орынбасары Диана Рақымова.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама