USD
USD
USD

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Қазақстанның бірқатар өңірінде сифилис ауруының таралуы байқалған. Кей облыстарда өсім 2,5-4 есеге дейін жеткен. Дәрігерлер аурудың таралуына ішкі көші-қон, вахталық жұмыс және қорғалмаған жыныстық қатынас әсер етуі мүмкін екенін айтады.

Дәрігер
Фото: NEGE/viclinics.kz

Астана, NEGE. Уролог-дәрігер Тимур Салтабаевтың айтуынша, әсіресе ішкі көші-қон мен вахталық жұмыс кең тараған өңірлерде өсім байқалады. Мәселен, Атырау мен Қызылорда өңірлерінде көрсеткіш шамамен 5 есеге, Шымкент қаласында өсім 72,5%-ды құраған. 

Маманның сөзінше, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың ұзақ уақыт отбасынан бөлек жүруі, сонымен қатар медициналық көмекке уақытылы жүгінбеуі инфекцияның таралуына себеп болуы мүмкін.

«Адамдар бір айға немесе одан да ұзақ уақытқа жұмыс істеуге кетеді. Соған байланысты отбасынан алыста жүрген адамдар кейде қорғалмаған жыныстық қатынасқа түседі. Сонымен қатар көптеген адам дәрігерге қаралуға ұялады. “Ұят болады” деген түсінік пен қорқыныштан медициналық көмекке жүгінбейді. Оның орнына халықтық емдеу тәсілдеріне жүгінеді», – деді Тимур Салтабаев.

Маман аурудың бастапқы кезеңінде белгілерінің айқын болмауы да қауіпті екенін түсіндірді. Оның сөзінше, алғашында инфекция енген жерде шағын эрозия немесе жара пайда болып, мүлде ауырсынбайды. Оған қоса, 2-3 аптадан кейін жара өздігінен жазылып кетуі де мүмкін.

Дегенмен емделмеген жағдайда ауру асқынып, ауыр зардаптарға әкеледі. 

«Үшіншілік сифилис – емделмеген бастапқы және екінші кезеңдегі сифилистің салдары. Бұл пациенттердің немесе ауру жұқтырған адамдардың емделуді елемеуінен болады. Мұның бәрі ауыр, кейде қайтымсыз асқынуларға әкеледі. Мысалы, гуммалар пайда болады. Бұл сүйектердің де ауыр зақымдануына әкелуі мүмкін. Мысалы, мұрын қанаттары зақымдалып, науқастың мұрны ішке қарай түсіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар аневризмалар пайда болуы ықтимал. Ауыр жүрек жеткіліксіздігі дамып, кей жағдайда кенеттен өлімге әкелуі мүмкін», – деді Тимур Салтабаев.

Сифилис жүкті әйелден іштегі нәрестеге де берілуі мүмкін. Дәрігер мұндай жағдайда жүктіліктің үзілуі, өлі туу және балада туа біткен патологиялардың пайда болу қаупі бар екенін айтты.

Сонымен бірге маман аурудың ерте кезеңде толық емделетінін де атап өтті. Ол үшін уақытылы дәрігерге қаралып, ем қабылдау қажет. Маман азаматтарға халықтық әдістерге жүгініп, өздігінен емделмей, ресми медициналық клиникаларға жүгінуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Баян Алагөзова

12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» ісі бойынша үш адамға үкім шықты

жарылыс