USD
USD
USD

Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 4,3 млрд долларға азайды

Қазақстанның халықаралық резервтері Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса есептегенде қазан айының басында 133 млрд доллар болды. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 4,3 млрд долларға аз.

доллар бағамы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.

Ал Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері қыркүйекте 5,4%-ға төмендеп, 66,4 млрд долларға дейін қысқарды. Қаржыгерлердің түсіндіруінше, бұған алтын портфелінің құны 7,8%-ға азайып, 51,4 млрд долларға түсуі себеп болды.

Ал еркін айырбасталатын валюта резервтері, керісінше, 3,9%-ға өсіп, 15 млрд долларға жетті.

Ұлттық қордың активтері де азайған. Қыркүйек қорытындысы бойынша оның көлемі 0,8%-ға төмендеп, 66,7 млрд доллар болды.

Валюта нарығында да өзгерістер байқалды. Жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,09 теңгеге өсіп, 453,96 теңгеге жетті. Бұған Brent маркалы мұнай бағасының төмендеуі мен доллар индексінің нығаюы әсер еткен.

Сарапшылардың пікірінше, шетел валютасына сұраныстың артуына импорттық келісімшарттар бойынша корпоративтік төлемдер мен сыртқы міндеттемелерді өтеу де ықпал етуі мүмкін.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қазан айының басында жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 85%-ы Ұлттық банктің 23 қазандағы отырысында базалық мөлшерлемені төмендетеді деп күтеді. Бұған инфляция мен инфляциялық күтулердің баяулауы, сондай-ақ нақты мөлшерлеменің жоғары деңгейде сақталуы негіз болған.

Қазір оқып жатыр

Ермек Көшербаев елшілік қызметке оралды

Ермек Көшербаев

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережесі өзгереді: емтиханды қайта тапсыру ақылы болмақ

техникалық тексеру

ІІМ шетелдіктерге ЖСН беру кезінде тексерісті күшейтпек

ІІМ

Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Күдікті