USD
USD
USD

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

Қазақстанның газ саласына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 24,1 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар 18,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану кезінде тиімсіздікке жол берілген.

газдандыру
Фото: ortcom.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде жоғары аудиторлық палата өкілдері хабарлады. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста газ саласын дамытуға бағытталған ұлттық ресурстарды пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы қаралды.

Аудиторлардың мәліметінше, Қазақстанның жалпы газ қоры 3,8 трлн текше метрге бағаланады. 2022-2025 жылдары 239,5 млрд текше метр газ өндірілген. Бұл ретте аудиторлар ішкі нарыққа арналған тауар газ өндірісінің өсімі баяу екенін атап өтті. Соның салдарынан халық пен экономиканың артып келе жатқан сұранысын толық қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр.

Сонымен қатар аудиторлар ішкі нарық газ жеткізушілердің шектеулі тобына тәуелді екенін, жеткізілетін газдың сапасы да әрдайым белгіленген талаптарға сай еместігін алға тартады. Сапасы төмен газ компрессорлық жабдықтардың тозуын жеделдетіп, ұлттық операторды экспорт кезінде жеңілдіктер жасауға мәжбүрлейді.

Газ құбырларының бір бөлігі тозған

Аудит барысында стратегиялық жоспарлау мен инфрақұрылымды дамытуда да кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, геологиялық барлау, жерасты газ қоймаларын дамыту және жаңа газ өңдеу қуаттарын іске қосу бағыттарында нақты шаралар жеткіліксіз.

Ұлттық оператор кәсіпорындары 20 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырын және шамамен 77 мың шақырым газ тарату желісін пайдаланады. Алайда инфрақұрылымның едәуір бөлігі нормативтік пайдалану мерзімінен асып кеткен. Бұл ретте аудиторлар оларды жөндеу мен жаңғырту жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмей отырғанына назар аударады.

Халықтың 64,2 пайызы газбен қамтылған

Аудиторлар өңірлер арасындағы газбен қамту деңгейіндегі теңгерімсіздікті жою қажеттігін де атап өтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан халқының 64,2 пайызы табиғи газға қол жеткізген. Бұл – 13,1 млн адам. Елде газ тартылған елді мекендер саны 2 240-қа жеткен.

Тексеру барысында бюджетке 59,4 млн теңге қайтарылып, 20,2 млрд теңге бухгалтерлік есепте қалпына келтірілген.

Бұл ретте жоғары аудиторлық палата аудит нысандарына анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар берілгенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов