USD
USD
USD

Қазақстанның екі самбошысы допинг-тестен өтпей қалды

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (ITA) қазақстандық самбошылар Жалғас Жұмағалиев пен Ерасыл Ғабдулманаптың антидопинг ережелерін бұзғанын анықтады.

Жалғас Жұмағалиев, Ерасыл Қабдулманап
Фото: Instagram.com

Астана, NEGE. ITA агенттігінің мәліметінше, биыл 12 сәуірде Арменияның Ереван қаласында өткен жарыста Жалғас Жұмағалиев пен Ерасыл Ғабдулманаптан алынған сынамалардан мельдоний мен дростанолон метаболиті анықталған.

Спортшылар бұл жайттан хабардар етілген. Олар B үлгісіндегі қан талдауын қайта тексеруді сұратуға құқылы.

Егер B үлгісі тексеруге жіберіліп, ол A үлгісінің нәтижесін растаған жағдайда, допингке қарсы ережелерді бұзу фактісі толық расталған болып есептеледі. Ал егер B үлгісін сұратпаса, спортшылар антидопинг ережелерін бұзғанын мойындады деп саналады.

Жалғас Жұмағалиев пен Ерасыл Ғабдулманап допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілді. Алайда мерзімі әлі нақтыланған жоқ.

Жалғас Жұмағалиев та, Ерасыл Ғабдулманап та самбодан әлем кубогының күміс жүлдегерлері. Сондай-ақ Жалғас NAIZA лигасында кәсіби жекпе-жек шебері ретінде өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова