USD
USD
USD

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматы
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. 18 ақпанда Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Алдағы түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз сақталады.

 Түстен кейін Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыс екпіні 15-20 м/с жел күтіледі, түнде облыстың шығысында 35 градус қатты аяз сақталады.

Ал Қызылорда облысында да қатты жел күтіледі - солтүстік-шығыс, солтүстік 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 25 м/с.

Жексенбіде Ақтөбе облысында шығыс, оңтүстік-шығыс желдер болады деп болжанып отыр, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с жел тұрады.

18 ақпанда түстен кейін Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады.

Алматы облысының тауларында тұман түседі. Облыстың көп бөлігінде түнде 25 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Алматыда 18 ақпанда түнде 25 градус қатты аяз күтіледі.

Жексенбіде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында-солтүстік-шығыс жел екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с болады. Сондай-ақ, 17 ақпанда сағат 21.00-ден 18 ақпандағы сағат 21-ге дейін Өскемен және Риддер қалаларында күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту сақталады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 17-19 ақпан аралығында Қазақстанда аяз күшейетінін ескерткен. Еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж