Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 ақпан күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Алматы, NEGE. Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда тұманды болады. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұманды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұманды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұманды.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.
Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Шымкентте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман күтіледі. Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұманды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұманды.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұманды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұманды. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда 25-27 градус қатты аяз жүреді.