USD
USD
USD

Қазақстанның белгілі әншісі Саят Медеуов сотталғандарға өнер көрсетті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 72 мекемесінде Жеңіс мерекесінің құрметіне Қазақстанның белгілі әншісі Саят Медеуов сотталғандарға өнер көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Өнер қайраткерімен кездесу алдында мекеме ұжымы мен шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтаған № 72 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А. Әлімжанов Қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекенің маңызымен таныстырып, құттықтау сөз сөйледі.

– Жеңіс күнінің Қазақстан халқы үшін маңызы зор мереке. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі бейбіт өмірі кешегі аталарымыздың соғыстағы жеңісімен келгені аян. Сондықтан Жеңіс мейрамы жыл сайын республика көлемінде зор салтанатпен аталып өтеді. Мекемедегі маңызы зор мерекенің салтанатына қазақ елінің сүйікті әншісі Саят Медеуовтың қатысуы біз үшін үлкен қуаныш. Қазақтың қоңыр дауысты әншісі Саяттың өнеріне алғысымызды білдіреміз, – деді мекеме бастығының орынбасары А.Әлімжанов өз құттықтауында.

Ішкі істер министрлігінің ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әнші өз репертуарындағы патриоттық әндерді орындап, сотталғандардың ризашылығына бөленді.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева