Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" синоптиктері 20 шілдеде Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.
Алматы, NEGE. Астанада күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Жанғала ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік жартысында, күндіз басым бөлігінде найзағай. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде 39 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 20 шілдеде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 20 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматыда күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.