USD
USD
USD

Қазақстанның әуе кеңістігінде апат сигналын берген ұшақ Омбыға қонды

Қазақстан әуе кеңістігінде төтенше жағдай сигналын берген S7 Airlines ұшағы Ресейдің Омбы қаласына қонды. Бортта 173 жолаушы болған.

әуе рейстері
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Boeing 737-800 ұшағы Новосібірден Махачкалаға бағыт алған. Алайда борттағы техникалық ақауға байланысты экипаж ұшу бағытын өзгертіп, Омбы әуежайына қону туралы шешім қабылдаған. 

19 қазанда ұшақ Қазақстан аумағы үстімен ұшып бара жатқанда 7700 авариялық сигналын берген. Бұл код әуе кемесінің бортында төтенше жағдай туындағанын диспетчерлерге хабарлау үшін қолданылады.

Flightradar24 деректеріне сәйкес, ұшақ Қазақстан әуе кеңістігінде шамамен 10,4 шақырым биіктікте ұшқан. Кейін биіктігін төмендетіп, бағытын өзгерткен.

Көкшетау әуежайының мәліметінше, ұшақ экипажы қонуға рұқсат сұрамаған.

7700 коды техникалық ақау, жолаушының денсаулығының нашарлауы немесе басқа да штаттан тыс жағдайлар кезінде берілуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Ибрагим Нұрмаханұлы

Алматыда 22 қазанда кезекте тұрғандардан 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады

кілт

Адамдардың немқұрайлығы мен салғырттығының салдары тым қымбатқа түседі – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясын кеңейтуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев