USD
USD
USD

Қазақстанның арнайы жасақтары халықаралық турнирге қатысып жатыр

Қазақстанның күштік құрылымдарының арнайы бөліністері Дубайда өтіп жатқан "Тhe UAE SWAT Challenge 2025" VI халықаралық жарыстарына қатысуда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Турнир 1-5 ақпан аралығында өтеді. Жарыста әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам команда бақ сынауда. Қатысушылар тактикалық жаттығуларды орындап, кедергілерді жеңіп, шабуылдау, жолдастарын құтқару және мұнараларға көтерілу сияқты бірқатар қиын тапсырмаларды еңсеруі тиіс.

Халықаралық аренада еліміздің намысын Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Мемлекеттік күзет қызметінің командалары қорғауда. Полиция ведомствосынан жарысқа "Сұңқар", "Арлан", "Бүркіт" және Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командалары қатысып жатыр.

Қазақстан үшін ЖҚАЖ-дан "Томирис" әйелдер командасының дебюті ерекше маңызға ие. Бұл қазақстандық тәртіп сақшыларының жоғары дайындығын көрсетеді. Екі күннің қорытындысы бойынша турнир кестесінде Қытайдан келген жауынгерлер көш бастап тұр. Екінші орында ІІМ-нің "Сұңқар" командасы, ал үшінші орында МКҚ-ның "Сардар" командасы.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда қаза болған Аян Дүйсековті тұрғын үйден шығару туралы мәселе қаралмаған – сот

Аян Дүйсеков

Қазақстанның бес өңірінде жылыту маусымы басталды

Жылу батареясы

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"