Қазақстанның алты азаматы Газа секторынан елге жеткізілді
Газа секторында күрделі гуманитарлық жағдайға байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігі Иордания мен Израильдегі ҚР шетелдік мекемелері қақтығыс аймағынан алты отандасымызды эвакуациялаған.
Алматы, NEGE. Қазақстан азаматтары шекаралық өткізу пункттері арқылы сәтті өткізіліп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізіліп, сол жерден елге оралды.
"Аталған операция Иордания билігімен тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесінде мүмкін болды және Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін шетелде қорғау ҚР СІМ қызметінің негізгі басымдықтарының бірі екенін айқын көрсетеді.
Қазақстанның Амман және Тель-Авив қалаларындағы елшіліктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылауда ұстап, Газа секторы мен жалпы Палестина аумағында жүрген Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста.
Министрлік Қазақстан азаматтарының қауіпсіз шығуына жедел көмек көрсеткені және тиімді ынтымақтастығы үшін Иордания мен Израиль билігіне, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетіне шынайы алғысын білдіреді", - делінген СІМ хабарламасында.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады