USD
USD
USD

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын алды

  Иордания астанасы Амман қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. 

17 жасқа дейінгі ұлдар
Фото: ҚБФ

Алматы, NEGE. Құрлықтық дода World Boxing аясында алғаш рет өтті. Онда еліміздің ұлдар және қыздар құрамалары барлығы 10 алтын медаль алды. Оның 5-еуі ұлдарға бұйырса, 5-еуі қыздардың еншісіне тиді.

Ел құрамасынан ұлдар арасында Жұмағали Нұрмахан (46 келі), Темірали Темірбаев (52 келі), Досжан Жұмахан (54 келі), Санжар Матасов (75 келі), Мұхамедали Рүстембек (80 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізсе, Халиф Расул (50 келі) күміс жүлдегер болды.

Ал Рүстем Сапархан (48 келі), Анвар Идрисов (60 келі), Даниял Шалқарбай (66 келі) қола медаль алды. Аталған жастағы боксшыларды жарысқа аға бапкер Бағдат Оңғарбеков дайындады.

алтын медаль
ҚБФ

Ал қыздар құрамасында Марал Төлепберген (52 келі), Аяулым Оспанова (63 келі), Диляра Тұрсынбек (66 келі), Камила Оспанова (70 келі), Диана Надырбек (75 келі) жеңіс тұғырына көтерілсе, Фариза Тәжібаева (80 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ Шұғыла Жарас (46 келі), Лашын Дәулетжан (48 келі), Балым Ғабитқызы (54 келі), Индира Қыдырмолдаева (57 келі), Айдана Әбдікерім (60 келі) және Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.

Қыздарды құрлықтық додаға аға бапкер Айбек Әбілда дайындады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.