19 Қазан 09:45

Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

болжамы
Фото: ult.kz

19 қазанға арналған ҚазГидромет ауа райы болжамын назарларыңызға ұсынамыз

Алматы. NEGE.

Түнде Атырау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 18 м/с.

Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады.Қонаевта шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 17-22 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.

 Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда түнде сынап бағаны 5-7 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.