USD
USD
USD

Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жасалды

Назарларыңызға «Қазгидромет» мәлімдеген 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынамыз

Қазгидромет
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының  батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғып, облыстың таулы аймақтарында күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте кей уақыттарда тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде және орталығында тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болмақ.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Қызылорда облысының солтүстігін, орталығын тұман басады.

Астананың кей уақыттарында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екіпіні 15-20 м/с-ке  дейін жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с болады. 

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады да, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оның екпіні 17-22 м/с-ке  дейін жетеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер