USD
USD
USD

Қазақстаннан Украинаға гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберілді

28 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы рейс ұйымдастырды.

Қазақстаннан Украинаға гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Алматы қаласынан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызмет.

Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін алып келеді деп жоспарлануда.

 

Қазір оқып жатыр

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау