USD
USD
USD

Қазақстаннан сұйытылған газды шығаруға тыйым салу туралы бұйрыққа өзгеріс енгізілмек

Елімізден сұйытылған газды шығаруға тыйым салынбақ.

Қазақстаннан сұйытылған газды шығаруға тыйым салу туралы бұйрыққа өзгеріс енгізілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Энергетика министрінің бұйрығына өзгерістер енгізіледі. Бұл жайында «Ашық» НҚА порталында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды автомобиль көлігімен үш жылға, темір жол көлігімен алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу ескерілген. Бірақ Салық кодексі 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану келісімшарты аясында отынды өндіруді жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың сұйытылған мұнай газын әкетуіне шектеу болмайды.

Қолданыстағы бұйрықта сұйытылған мұнай газын Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кеденінің «Алакөл» бекеті, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдар арқылы әкетуді қоспағанда, Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен тысымалдауға тыйым салынған.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннанкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұл құжат еліміздің ішкі нарығын сұйытылған газбен толықтай қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған