USD
USD
USD

Қазақстаннан Новосібірге рейстер уақытша тоқтатылды

Qazaq Air әуекомпаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстерді орындамайды.

Қазақстаннан Новосібірге рейстер уақытша тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Qazaq air баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшударды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстердің уақытша тоқтатылды.

"Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com  поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек", деп хабарлады Qazaq air.

Әуекомпания қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады, сонымен бірге жолаушыларға кестенің алдағы өзгерістері туралы хабардар етеді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе