Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстаннан Лиссабонға IT саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін арнайы делегация жіберіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президенті Марселу Ребелу де Соузамен келіссөз жүргізді.

Қазақстаннан Лиссабонға IT саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін арнайы делегация жіберіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттер басшылары екі елді достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті. Тараптар инвестиция, су ресурстарын басқару, туризм және басқа да салалардағы жан-жақты қатынастарды одан әрі арттыру үшін зор әлеует бар екенін айтты. Цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сіздің елдің IT саласындағы тәжірибесі мол. Осы бағыттың болашағы зор екенін ескере отырып, мен Лиссабонға бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін зерделеу үшін арнайы делегация жіберемін. Қазақстан португалиялық серіктестермен тығыз байланыс орнатуға мүдделі, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Жаһандық ұйымдар аясында, ең алдымен, БҰҰ шеңберінде өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті