USD
USD
USD

Қазақстаннан қашқан күдікті ұсталды

Полицейлер қаржы пирамидасы ісіне қатысы бар Қазақстаннан қашып кеткен тағы бір адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қазақстаннан қашқан күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 16 маусымда Қазақстан полициясының сұратуы бойынша Мәскеуде 29 жастағы С.Фролов ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Күдікті Фроловқа «Гарант-24», «Выгодный займ» және «Estate Lombard» қаржы пирамидасы ісі бойынша салымшылардың ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланды.

«Бұдан бұрын Нұр-Сұлтан қалалық соты оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай тағайындады. Қазақстан мен Ресей полицейлерінің өзара әрекеттесуінің арқасында С. Фролов елімізге экстрадицияланып, сот алдында жауап береді», – деп хабарлады ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Қылмыстық істі Ақтөбе қаласында ІІМ арнайы тергеу-жедел тобы тергеп жатыр.

«Қазіргі уақытта осы іс бойынша 15 мың зардап шегуші анықталды, залал сомасы 20 млрд теңгеден асты», – деді Әділов.

Қазір оқып жатыр

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов