21 Мамыр 15:41
...

Қазақстаннан ең көп ақша қайда кетеді?

Фото:

2021 жылдың ІI тоқсаны аяқталуға жақын. Алғашқы тоқсанда Қазақстаннан шет мемлекеттерге 191 млрд теңге аударылған.

Аталған сумма қандай мақсатта жұмсалғаны белгісіз. Десе де, соңғы уақытта қазақстандықтар Түркияға көп ақша жіберетін болған. Nege.kz редакциясы Ұлттық банктің мәліметіне сүйеніп6 арнайы инфографика дайындады.

Nege.kz инфографикасы.

Қазақстаннан қаңтар-наурыз айларында 190,9 млрд теңге аударылған екен. Бұл өткен жылдың ося кезеңімен салыстырғанда 48,4%-ға немесе 62,3 млрд теңгеге артық. Демек, 20201 жылы сауда-саттық пен туризм саласы қайта жанданған. 

Ең көп ақша Түркияға жіберілді – 46,2 млрд теңге. Сонымен бірге, бұл елге ақша аударымдарының көлемі күрт өсті – 99,1%.

Түркияның негізгі табыс көзі киім-кешек пен туризм екенін ескерсек, қазақстандықтар осының екіншісін жиі пайдаланған іспетті. Әйтпесе, ел азаматтары жаппай түрік киімдерін киіп жүрген  жоқ. Есесіне, әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде Түркияның туризм саласы мейлінше насихатталған-ды.

Одан кейінгі орында Ресей, оған 44,6 млрд теңге аударылған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,1%-ға аз.

Алғашқы тоқсанда Қырғызстан еліне – 35,5 млрд, Өзбекстанға – 34,8 млрд теңге жіберілген. Ал Қытайға барлығы 5,7 млрд теңге аударылды.

 

Сонымен қатар, Қазақстаннан Арменияға 2021 жылдың І тоқсанында өткен жылдың І тоқсанына қарағанда 200%-ға көп ақша – 4,2 млрд теңге жіберілді. Сарапшылар мұның басым бөлігі көлік саудасымен байланысты дегенді алға тартады. Соңғы жылдары Қазақстанда Армениядан келген көліктерге сұраныс артып отыр. І тоқсанда аударылған ақша көлеммі – 4,2 млрд теңгеге жеткен. 

Әзірбайжан өз кезегінде 3,7 млрд теңге алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 9%-ға жоғары.

Тегтер: