USD
USD
USD

Қазақстаннан 20 мың бетпердені заңсыз әкетпек болған

Қытай азаматы Қазақстаннан Қытайға 20 мың медициналық бетпердені 

Қазақстаннан 20 мың бетпердені заңсыз әкетпек болған
Фото: NEGE.kz

заңсыз өткізуге тырысқан. Контрабандалық жүк Алматы облысындағы Алтын-Көл станциясының шекаралық бақылау бекетінде табылды.

Алматы, NEGE. ҚР ҰҚК Шекара қызметі 20 мың медициналық бетперде контрабандасын өткізбек болған Қытай Халық Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған baigenews.kz.

«14 ақпанда Алтын-Көл станциясының шекаралық бақылау бекетінде ҚХР азаматынан контрабандалық тауарлар алынды, ол – Қазақстаннан Қытайға контрабандалық жолмен өткізуге тырысқан 20 000 медициналық бетперде», - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 7 ақпанында Қазақстан медициналық бетперделердің экспортына тыйым салған. Алматы фармацевтикалық компаниясы сұраныстың жоғары болуына байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам