USD
USD
USD

«Қазақстаннан шығарып жіберу керек»: Тұрсынбек Қабатов екінші рет үйленгенін сынағандарға жауап берді

Танымал әзілшек Тұрсынбек Қабатов екінші рет үйленгені туралы сынға көрермендер алдында әзілмен жауап берді.

Тұрсынбек Қабатов
Фото: Айман Талғатқызы/Instagram

Астана, NEGE. Ол актриса Дариға Бадықова мен продюссер Баян Алагөзованың екінші рет тұрмыс құрғанын мысалға келтіре отырып, қоғамда қайта тұрмысқа шыққан әйелдер мен екінші рет үйленген ер адамдарға көзқарас әрқилы екенін жеткізді.

«Баян той көйлегімен тұрмысқа шыққанда, оны қалай қолдадыңыздар! Мен де қазір әйеліме той көйлегін кигізіп, той жасайыншы, байкот жариялап, "Қазақстаннан шығарып жіберу керек" дейсіздер», – деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылғы қарашада Тұрсынбек Қабатовтың бірінші жары Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасқанын алғаш рет растады. Айтуынша, екеуі 25 жыл заңды некеде болған. Некені бұзу туралы Тұрсынбектің өзі өзі ниет білдірген.

Көп ұзамай әзілкештің екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өз өміріне қатысты мәлімдеме жасап, Қабатов екеуінің бірге жүргеніне он төрт жыл болғанын жазды. Тұрсынбек Қабатовтың ажырасып, екінші рет үйленгені туралы бұл жаңалықтар желіде қызу талқыланып, екеуін сынағандар көп болды.

Қазір оқып жатыр

Президент жаңадан тағайындалған ҰҚК басшысына ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев және ҰҚК басшылығы

Тәлімгері барын білмейтін жасөспірімдер көп – депутат

Екатерина Смолякова

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын ауыстырды

Сағымбаев, Ирменов

59 мың бала пәтер күтіп жүр: министр жетім балалардың жағдайын айтты

Жұлдыз Сүлейменова