USD
USD
USD

Қазақстаннан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға рұқсат берілмек

Энергетика министрі мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйымға қатысты өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі.

мұнай
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Құжатта Қазақстан аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге мұнай битумын, нафтаны, пеш отынын, кеме отынын әкетуге белгіленген тыйымнан алып тастау көзделген.

Сондай-ақ нафтаны Қазақстан аумағынан теміржол көлігімен әкетуге белгіленген тыйым алып тасталды.

«Бұйрық жобасын қабылдау мұнай битумын, нафтаны, пеш және кеме отынын экспорттауға жағдай жасауға, резервуарлық қуаттардың шамадан тыс толып кетуіне жол бермеуге және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының тұрақты жүктелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген министрлік түсіндірмесінде.

Еске салсақ, бұған дейін Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан шығаруға салынған тыйымды тағы жарты жылға ұзартқан еді. Биыл 22 қарашадан келесі жылы 22 мамырға дейін автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Үлес көбейіп, қарыз қала ма? Шухрат Ибрагимов ERG-ден НЕГЕ енші алуда?

ERG

Жолды сапасыз салғандар жауапқа тартылады: министрлік талапты күшейтпек

логистика

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша әлемнің үздік 20 елінің қатарына енді

ақау

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп