Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстаннан Иранға экспортталатын астық өнімдеріне баж салығы салынбайды

Келісімге сәйкес 85 пайыздан астам тауар үшін импорттық кеден баждарын жою қарастырылған.

Арпа
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Еркін сауда аймағын құру қазақстандық өндірушілер үшін жаңа нарықтарды ашады, әсіресе, бұл ауыл шаруашылығы, металлургия және химия өнеркәсібіне қатысты. Осы келісім күшіне енгеннен кейін Қазақстаннан Иранға экспортталатын бидайға (3 млн тоннаға дейін) және арпаға (1,5 млн тонна) баж салығы мүлдем салынбайтын болады.

Ираннан сапалы өнімдердің импорты, кеден баждарын алып тастаумен қатар, қазақстандықтардың шығынын айтарлықтай төмендетеді. Иран ЕАЭО елдерінен әкелінетін тауар номенклатурасының шамамен 88 пайызына, оның ішінде жүгері, қарақұмық, ірі қара мал еті, шоколад, күнбағыс майы, болат, тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығы техникасына баж салығын алып тастайды.

Баж салығы алынып тасталса, Иран нарығында қазақстандық тауарлардың бағасы айтарлықтай төмендейді, бұл біздің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ішкі нарықты қорғау мақсатымен ерекше сезімтал тауарлар үшін еркін сауда режимінен босатулар шамамен 13 пайыз (ірі қара мал мен құс еті, сүт өнімдері, қант, спирт, темекі, балалар тағамы, бал, полимерлер және басқа да мұнай-химия өнімдері, гербицидтер, қапшықтар, теміржол вагондары, тракторлар, жеңіл және жүк көліктері).

Бұл өнімдерге импорттық кедендік баж салығы салынады.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық