USD
USD
USD

Қазақстаннан Иорданияға тікелей рейс ашылады

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесті.

Саяхат
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Бұған дейін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың ақпан айында Иордания Хашимит Корольдігіне сапарының қорытындысы бойынша Иордания тарапы Қазақстанға ұшуды бастауға ниет білдірді.

Осыған орай, кездесу барысында тараптар әуе қатынасы туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастырып, елдер арасында тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін талқылады. Хамза Әл-Омари сонымен қатар «Royal Jordanian» әуе компаниясының 2026 жылдың маусымынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Қазақстанға тікелей рейстерді орындау жоспарлары туралы хабарлады. Өз кезегінде Қазақстан тарапы қолданыстағы келісімдер аясында әуе рейстерін ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, тараптар елдер арасындағы теңіз кемелерінің экипаж мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қою мерзімдері туралы келісті.

Қазір оқып жатыр

Стамбұл соты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды тұтқындауға ордер берді

 Биньямин Нетаньяху

Қазақстанда суррогат ана қызметіне кім тапсырыс бере алады: заңға өзгеріс енгізілді

суррогат ана

ЕЭК Қазақстан көтерген 30 мәселенің екеуін ғана қолдаған: Саудамин ел мүддесін қалай қорғап жүр

.

Қазақстан мен Қытай арасында енді аптасына 152 рейс қатынайды

Ұшақ апаты