14 Сәуір 11:44

Қазақстаннан Дубайға қатынайтын ұшақтар ұшпай қалды

Air Astana
Фото: Air Astana

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты Астана-Дубай-Астана және Алматы-Дубай-Алматы бағытындағы рейстер кешіктіріліп жатқанын хабардар етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. "Тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты КС 205/206 Астана-Дубай-Астана және Kc897/898 Алматы-Дубай-Алматы рейстері ұшу уақытынан кешіктіріліп жатыр. Қосымша ұшу уақыты, бүгін сағат 15.00-ге белгіленеді деп күтіледі", делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Air Astana компаниясының Дубай мен Жидда бағытындағы рейстері Иранның әуе кеңістігін айналып өту арқылы орындалатын болады.

"Әуе компаниямыз Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылап, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізеді", - дейді Air Astana.

Айта кетсек, 14 сәуірге қараған түні Иран ұшқышсыз ұшу аппараттарын әуеге көтергенін растады және жақын арада Израильге зымыраннан шабуыл жасалатынын жариялады.