Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанмен Иран арасындағы тауар айналымы артады

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Махди Сафаримен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанмен Иран арасындағы тауар айналымы артады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Махди Сафаримен екі елдің мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру аясында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады .

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымының көлемін $3 млрд-қа дейін, оның ішінде агроөнеркәсіп кешені саласында $1 млрд-қа дейін ұлғайту мүмкіндігіне баса назар аударылды. Келіссөз нәтижесінде жақын арада Иранның ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары бастаған карантин және ветеринариялық сертификаттар саласындағы ирандық сарапшылар іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу үшін Қазақстанға келетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар тараптар Иранға бағыттайтын және ол арқылы өтетін контейнерлік маршруттарды дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Қазіргі уақытта үш теміржол бағыты жұмыс істейді, Иранға қарай және одан әрі үшінші елдерге контейнерлермен жүктерді тасымалдауға қолайлы тарифтік шарттар белгіленді. Тараптар жүк тасымалын жылына 4 млн тоннаға дейін жеткізуге ниет білдірді. Сондай-ақ,  электр энергиясы транзиті, фармацевтика саласы және медициналық бұйымдар, құрылыс материалдары, электр станцияларына арналған жиынтықтауыштарды жеткізу салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық