USD
USD
USD

Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көліктері неге айлап кептеліп тұр?

Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай қиындады. Көлік жүргізушілері кезектегі орындарды бөлісе алмай жатыр. Көбі өткізу пунктінде айлап тұр. Бұл туралы

Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көліктері неге айлап кептеліп тұр?
Фото: NEGE.kz

КТК арнасының сюжетінде айтылды.                     

Алматы, NEGE. "Нұр Жолы" кедендік өткізу пунктінде үлкен жүк көлігімен мыңдаған жүргізуші тұр. Аптасына тек бірнеше шақырым жүруге болады. Кейбірінің жүйкесі тозған."Қазір "Қорғаста" осындай қозғалыс! Барлығы кері жүріп барады. Себебі кедендегі қозғалыс қиындап кетті", - дейді жүргізушілердің бірі.Ұзын-сонар кезекте тек қазақстандық емес, Ресей және Беларусь елінің жүргізушілері де тұр. Олар бекеттің дұрыс жұмыс істемеуі мен өткізу жүйесінің ұйымдастырылмағанына шағымданды. Айтуынша, тәулігіне бекеттен 20 фурадан артық өтпейді.Көбі қандай жол болса да, өтуге тырысып жатыр. Кезекті бұзғандарды жүргізушілердің өзі ұстап, артқа - кезектің басына қайтарады. Соның салдарынан кейде жанжал болып қалады.Жүргізушілер мәселеге қазақстандық шенеуніктерді кінәлап отыр. Олардың айтуынша, шенеуніктер мәселені шешуге асықпайды.Ал билік өкілдері өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтады. Қытайлық кеденшілер пандемияға байланысты шекарадағы бақылауды күшейткендіктен осындай ұзын-сонар кезек болғанын айтады.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

Сергей Филь

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Баспана

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Астана

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған

Тоқаев, Элиманов