USD
USD
USD

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Тәуелсіздік мерекесі және жаңа жылда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Kazinform. 

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік кірістер комитетіні ауа райы жағдайын ескеріп, жүкті тасымалдау маршрутын алдын ала жоспарлауды және өткізу пункттеріне брондалған күні келуге кеңес берді.

«Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу «CarGoRuqsat» (https://cgr.qoldau.kz/ru/start/) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде өткізу күнін брондау арқылы жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ МКК екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлаған.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай