USD
USD
USD

Қазақстан-Қытай арасында жаңа пойыз қатынайды

Биылғы жылғы 1 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласына Наньнин қаласының Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының (ГЧАА) әкімшілік орталығынан пилоттық контейнерлік пойыз келді.

Қазақстан-Қытай арасында жаңа пойыз қатынайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа қызмет «Бір белдеу – бір жол» қазақстандық – қытайлық бастаманы іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Контейнерлік пойыз 17 наурызда Наньнин халықаралық теміржол портынан жолға шығып, 5 мың шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, ауыр құрылыс техника артылған 49 қырық футтық контейнерді жеткізді.

«KTZ Express» АҚ Қытайдағы өкілдігінің басшысы Нұрсұлу Жолбасқанованың айтуынша, жаңа логистикалық арна жүкті жеткізу уақытын 3 есе үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұрын Құрылыс техникасы автомобиль көлігімен тасымалданатын. Жеткізу уақыты 45 күннен асатын.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті