USD
USD
USD

Қазақстанға визасыз келетін елдер қатары 100-ге дейін жеткізіледі

Биыл елімізге 500 мыңнан 1 млн-ға дейін шетелдік турист келеді деген болжам бар.

Қазақстанға визасыз келетін елдер қатары 100-ге дейін жеткізіледі
Фото: NEGE.kz

Сонымен қатар Қазақстанға визасыз кіретін елдердің қатары артпақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана, NEGE. «Биыл елімізге 500 мыңнан 1 миллионға дейін шетелден турист келеді деп болжап отырмыз. Бұған дейін пандемияға байланысты шекаралар жабылып, шектеулер қойылған еді. Бүгінгі таңда барлық шектеу алынып тасталды. Қазақстанға келу бойынша 74 елге визасыз режим қайтарылды. Бұл тізімді 100-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Кешеден бастап электронды виза беру қайта жанданды. Қазіргі уақытта Иран, Қытай, Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізу мәселесі пысықталу үстінде», - деді Ержан Еркінбаев елордада ашылған «Qazaqstan Live Fest – 2022» атты халықаралық көрме барысында.

Оның айтуынша, бүгінде ішкі туристердің саны 6,9 млн-ға жетіп, рекордтық көрсеткішке қол жетті. Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін елордада Qazaqstan Live Fest – 2022 атты халықаралық көрме ашылды. Үш күнге созылатын шараны астана тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалай алады. Туризм, спорт және белсенді өмір салты тақырыбына арналған шара ЭКСПО аумағындағы халықаралық көрме орталығында өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция