Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанға үсік келе жатыр

"Қазгидромет" 2020 жылғы 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанға үсік келе жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Аптаның ортасынан бастап ҚР солтүстігі мен шығысына Атлантикалық циклон әсер етуді жалғастырады, онымен жауын-шашынды және желдің күшеюімен күзгі салқын ауа райы сақталады.

Аптаның соңына қарай ел аумағының басым бөлігінің ауа райын Батыс антициклоны анықтайды, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы күтіледі, елдің оңтүстік-шығысында кей жерлерде үсік жүреді.

Тек еліміздің батысында құрғақ және жылы ауа райы сақталады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметі бойынша, 24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын жауады. 24-25 қыркүйекте түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

24 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

25 қыркүйекте желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с .

Петропавл қаласында 24 қыркүйекте жауын-шашын жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 25 қыркүйекте желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример