USD
USD
USD

Қазақстанға Түрікменстаннан 256 адам көшіп келді

2021 жылы 13 мамыр күні Түрікменстан Республикасынан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «Түрікменбашы – Болашақ – Жаңаөзен» бағыты бойынша еліміздің Жаңаөзен қаласына жеткізілді. Бұл туралы «Отандастар» ұйымы хабарлады.

Қазақстанға Түрікменстаннан 256 адам көшіп келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қандастар отырған арнайы пойызда 8 жолаушылар, 2 жүк вагоны және 1 дизель локомотиві бар.

Пойыз 12 мамыр күні сағат 17:20-да «Түрікменбашы» станциясынан жолға шығып, «Болашақ» станциясы арқылы «Жаңаөзен» қаласының станциясына 19:00-де келіп жетті.

Қандастырды қарсы алу жұмыстарын ұйымдастыруға ҚР Сыртқы істер министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік Шекара қызметі, Маңғыстау облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Отандастар қоры» КЕАҚ пен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өкілдері атсалысты.

Елге келген қандастардың визалық құжаттары толық дайын, жұқпалы індетке қатысты ПТР тест анықтамалары берілген.

«Елге ел қосылса - құт» дегендей түркімен жерінен келген көштің екінші керуені атажұртқа ат басын бұрды. Осыған дейін ақпан айының соңына қарай Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келген еді. Бір қуанарлығы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты сырттағы қандастардың елге келуі қайта жандана бастады. Ұрпағының келешегін, атажұртының болашақ дамуын ойлаған қандастарымыз елге құр қол келген жоқ. Өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп, қосымша мамандық игеретін болады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы