Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталады.

Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Уағдаластық негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі7

Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозадан жеткізетін болады. Сондай-ақ сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасын егу және оны ай сайын 500 мың дозаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

«Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары – медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер және т. б. вакциналауға жіберіледі. Вакцина алатын адамда профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдер болмауы тиіс. Вакциналау алдында дәрігердің міндетті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егуді жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері оқытылды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Айта кетейік, вакцина ғана коронавирустың одан әрі таралуына жол бермейді және елде қатаң локдаунды енгізудің жалғыз баламасы бола алады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық