USD
USD
USD

Қазақстанға Ресейден жолбарыс күшіктерін заңсыз әкелмек болған

Ресей кеденшілері Қазақстанға үш айлық жолбарысты заңсыз әкелмек болған. 

Қазақстанға Ресейден жолбарыс күшіктерін заңсыз әкелмек болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресей кеденшілері үш айлық жолбарыс пен арыстан күшіктерін Қазақстанға заңсыз әкетуге жол бермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аң күшіктерін Астрахан облысындағы «Қараөзек» өткізу бекетінде жолаушылар көлігін тексеру кезінде байқап қалған. 60 жастағы көлік жүргізушісі оларды көліктің артқы орындығындағы пластик тасымалдағышпен алып шықпақ болыпты. Оның рұқсат құжаттары болмаған. Күшіктерді Шешенстан Республикасынан сатып алып, қазақстандық жеке хайуанаттар бағына сатуды жоспарлаған. «Жануарлар тәркіленіп, қолайлы жерде уақытша ұстауға беріледі. Контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр», - деп хабарлады РФ Федералды кеден қызметі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.