USD
USD
USD

Қазақстанға Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны азайды

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

Қазақстанға Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көші-қон қызметінің мәліметіне сүйенер болсақ, 1-24 қыркүйек аралығында сегіз жүзден астам шетелдік азамат елімізде тұруға ыхтиярхат рәсімдеген екен. Ал олардың тек 100-ден астамы көрші Ресей азаматтары. Ішкі істер министрі шетелдік автокөліктерді заңдастыру жолдарын да түсіндіріп берді. Бүгінде республика жолдарында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген 300 мыңнан астам темір тұлпар жүр. Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді 200-250 мың теңгеге есепке қоюға мүмкіндік бар. Дегенмен тәртіп сақшылары олардың барлығын шетелдік әріптестерінің көмегімен тексеретін болады.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

–  Оған дейін кірген көліктер болса, кедендік тазартылудан өтсе, ол утильсбордан босатылады да, жаңағы 200-250 мың теңге мынау бірінші тіркеу үшін төлем ақысы төлені де, сосын тіркеле береді. Бүгінде біздегі жүрген автокөліктің 98%-і ЕАЭС мемлекетінен. Ал басқа мемлекеттен келген олар да  тек ғана мынау кедендік тазалаудан өтсе болды.  

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев