USD
USD
USD

Қазақстанға мерзімі өтіп кеткен вакцина әкелінгені туралы фейк тарады

 Танымал Telegram-арналардың бірінде Қазақстанда қолданылатын «Спутник-V» вакцинасының мерзімі өтіп кеткені туралы ақпарат тарап кетті.

Қазақстанға мерзімі өтіп кеткен вакцина әкелінгені туралы фейк тарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл –  жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz. Қазақстанда қолданылатын «Спутник-V» вакцинасы Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығарылады. Ұйым өкілдері препараттың пациенттерге мерзімі өтіп жеткізілетіні туралы қауесетті жоққа шығарды. – Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығарылған «Спутник V» препаратының әрбір партиясы (I және II компоненті) вакцина өндірушіде (сапасын растау үшін, ресейлік сарапшылардың қатысуымен, іріктелген үлгілер Гамалея ат. Орталыққа жіберіледі) сәйкестікке қатаң тексерістен өтеді. Вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігін көпсатылы деңгейлі бақылаудан кейін «Спутник-V» ҚР нарығына жіберіледі. Препарат кемінде -35С температурада сақталатын қоймадан «суық тізбекті» қатаң сақтай отырып, «СК-Фармация»-ның вакцина тасымалдау бойынша арнайы көлігіне тиеледі. Бірыңғай дистрибьютор хабтарына және одан әрі ҚР өңірлеріне жеткізуді «СК-Фармация» жүзеге асырады», – деп хабарлады «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС баспасөз қызметінен.

«СК-Фармация» компаниясында түсіндіргендей, препаратты өңірлерге жөнелту екпе өндірушіден келіп түскен соң бірден жүзеге асырылады. – Вакциналарды сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 6 айды құрайды. Вакциналарды жеткізу өндірістік циклге байланысты. Өндірушіден алынған вакцина дереу өңірлерге жөнелтіледі. Вакциналарды өңірлерге үлестіру қалған мөлшерін, сондай-ақ медициналық мекемелер, вакцинация пункттері деңгейінде сақтау мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады, – деп хабарлады «СК-Фармация». Осылайша, препарат вакцинациялау пункттеріне қолдануға жарамды күйде түседі. Сонымен қатар, вакцина алған әрбір қазақстандық ампуланы көрсетуді сұрап, препараттың мерзімі өтіп кетпегеніне көз жеткізуге құқылы. «Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз» деп ескертеді Stopfake.kz.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша

Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қымбатшылық

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза