USD
USD
USD

Қазақстанға құйылған шетелдік инвестициялар көлемі пандемияға дейінгі деңгейге оралды

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Қазақстан шетелдік капитал ағынының төмендеу үрдісін күрт өзгертіп қана қоймай, елімізге құйылып жатқан инвестициялар көрсеткішін 2017-2019 жылдардың деңгейіне дейін жеткізіп отыр, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстанға құйылған шетелдік инвестициялар көлемі пандемияға дейінгі деңгейге оралды
Фото: NEGE.kz

Аcтана, NEGE.  Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 23,7 млрд. АҚШ долларына жетіп, көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға өскен (17,2 млрд. АҚШ доллары).

Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция салған мемлекеттердің үздік бестігі өзгеріссіз қалды. Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Ресей және Қытай 25%-дан 92%-ға дейін өсімімен көш басында. Аталған елдердің үлесі елге тартылған барлық инвестициялардың жалпы көлемінің 68,3%-ын құрайды. Үздік ондықтағы қалған бес ел: Бельгия, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Түркия, Франция.

Айта кету керек, ауыл, орман және балық шаруашылығына инвестициялық салымдар 2,8 есеге, кәсіби, ғылыми-техникалық қызмет саласына 2,6 есеге, ақпарат пен байланыс саласына 80,1%-ға, ал электрмен жабдықтау саласына 68,3%-ға ұлғайып отыр. Өңдеу өнеркәсібі де едәуір өсім көрсетті. Бұл салаға 2020 жылмен салыстырғанда инвестиция 2 млрд. АҚШ долларына артық құйылып, 65,4%-ға артты.

Шетелдік капитал ағынын ұлғайтуға инвестициялық жобалар пулы мен «ҚР елшіліктері - орталық мемлекеттік органдар - аймақтық әкімшіліктер» үш деңгейлі жүйесінің сәтті жүзеге асырылуы нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Сондай-ақ, сыртқы істер министрлігінің болжамы бойынша, 2021 жылы 19 млрд. АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылады.

Еске салсақ, Standard&Poor's халықаралық агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растап, болжам «тұрақты» деп жариялаған болатын.

 

 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер