Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанға келген Путин қамауға алына ма?

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путинді қамауға алуға ордер берген Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) шешіміне қатысты пікір білдірді.

Қазақстанға келген Путин қамауға алына ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Біз Рим статутына қол қойған жоқпыз және ратификациялаған жоқпыз. Жарғы Қазақстанға қатысты емес және ол бойынша міндетіміз жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Путинді қамауға алуға ордер берілгені 2023 жылдың наурызында белгілі болды. Осылайша, ХҚС Рим статутына қол қойған елдер Путинді тұтқынға алуға міндетті.

ХҚС Ресей Федерациясының президентін балаларды Украинадан Ресейге заңсыз депортациялады деп айыптайды.

14 наурызда Путиннің Қазақстанға 2023 жылдың күзінде келетіні белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң