USD
USD
USD

Қазақстанға келген 481 жолаушыда ПТР анықтама жоқ

Қазақстанға шетелден келген жолаушыларда ПТР анықтамасы болмай шықты.

Қазақстанға келген 481 жолаушыда ПТР анықтама жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елімізге келген авиажолаушылардың 82%-дан астамында ПТР анықтамасы болған деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 734 әуе жолаушының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 253 адам, анықтамасыз 481 адам келді. Олардың барлығы ҚР азаматтары.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 639 жолаушы, анықтамамен - 1 402, анықтамасыз - 237;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 059 жолаушы, анықтамамен - 815; анықтамасыз - 244;
Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 30 жолаушы анықтамамен келген.
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР тест тапсырды және карантиндік стационарда нәтиже шыққанша күтті.

Айта кетерлігі, 12 желтоқсанда анықтамасыз келген 243 адамның ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко