USD
USD
USD

Қазақстанға Грузия Премьер-Министрі келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар экономикалық форумы аясында Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесу өткізді.

Қазақстанға Грузия Премьер-Министрі келеді
Фото: NEGE.kz


Елорда, NEGE. Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Кездесуде екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды. – Сіздің назарыңызды мынадай бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына аударғым келеді. Атап айтқанда, өзара сауда көлемін ұлғайту. Менің ойымша, біз өнімдерді өзара жеткізуді арттыра аламыз. Қазақстанға және Орталық Азияның басқа да елдеріне тауар жеткізу жағынан Грузияның үлкен қоры бар. Осы бағытта тығыз жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы көлік-логистика саласында, атап айтқанда Қазақстанның Ақтау және Құрық айлақтарының, сондай-ақ Батуми теңіз айлағының әлеуетін пайдалана отырып, екі ел арасындағы жүк тасымалын бірлесіп жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде Ираклий Гарибашвили Дохада кездесуге уақыт бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Грузияның Қазақстанмен арадағы көпжақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін растады. Грузияның Премьер-министрі келесі айдың аяғында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси